Синоптиктер: Қарлы боран ұзаққа созылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Жыл басынан бері Қазақстанның көптеген облысында ауа райын атлантикалық циклондар анықтады. Олар қардың жаууын, боран, жолдарды қар басуын және ауаның жоғары температурасын тудырды - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қаңтар айының соңғы аптасында, кезекті циклоннан кейін, Қазақстанға антициклон келуі мүмкін. Соның салдарынан республиканың көптеген облысында 29-30 қаңтар аралығында жауын-шашын тоқтап, күн суытуы мүмкін.

Ауа температурасы қаңтар айындағы болжаммен ұқсас болады: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта минус 20...30°С. Бірақ мұндай төмендеу қысқа мерзімді, себебі кезекті атлантикалық циклон Ресейдің еуропалық бөлігіне шығуға дайын. Соған байланысты жылу біздің батыс аудандарға түсе бастайды - дейді мамандар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы