Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен қатты жел тұрады деп күтіледі.
Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады деп болжанады.
Қызылорда облысының орталықталығында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.