Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 24 маусым күнгі еліміздегі қалалардың метеорологиялық ахуалы туралы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қазақстанның барлық қалаларында метеодағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы