Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілсе, еліміздің басқа өңірлерінде күн ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
"Күндіз 15, 16 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 16 шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.
15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43°С қатты ыстық күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.
Күндіз 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 37 градус күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Ал 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында 15 шілдеде түнде найзағай күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.