17 Қараша 2022 2022, 22:35

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

Республиканың кейбір өңірінде тұман, жел, көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың кейбір өңірінде тұман, жел, көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, орталықтан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман болады. Тау асуларында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шымкентті түнде және таңертең тұман басады. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Оралда тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болатын жел соғады.