Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 ақпан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал жағымды болады.

"Қазгидромет" РМК-дпн хабарлағандай, бүгін тек Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Семей, Өскемен мен Шымкент қалаларында атмосфералық ауаның ластануы болжанады. Өзге шаһарларда ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ-да елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы