Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты республикамыздың бірнеше өңірінде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, 20 қараша күні Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады.
20-22 қарашада Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
20-21 қарашада Қарағанды облысының кей жерінде тұман болады.
20 қарашада Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болу мүмкін. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады. 20 қарашада күндіз, 21 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерде күші 15-20 м/с артады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. ҚТЖ шекаралық бекеттерде мәжбүрлі шаралар қабылдады
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы