Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттар жаңбыр мен қар әкеледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу борасын мен көктайғақ күтіледі. Тек батыс пен оңтүстік-шығыс антициклон ықпалында қалып, ол жақта құрғақ ауа райы болжанады.

Солтүстікте аздап күн жылынуы ықтимал: түнде температура 0…-8 градус аязға дейін, күндіз 0…+5 градусқа дейін көтеріледі. 

Оңтүстік-шығыста күндіз біртіндеп +3…+11 градусқа дейін суытады, таулы аймақтарда 0…-5 градус күтіледі.

Қалған өңірлерде температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы