Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райының болжамын ұсынды
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 27-28 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етіп Еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, мол жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел қатты соғады деп күтіледі. Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады, - делінген хабарламада.
Елімізде аптап ыстықтың беті 27 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта қайтады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында +40+43°С градусқа дейін қатты ыстық сақталады.