Синоптиктер алдағы күндері қалың қар жауып, көктайғақ пен боран болатынын ескертті
Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олардың айтуынша, Сібірдегі антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында аязды ауа райын сақтайды.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райын оңтүстік циклон мен онымен байланысқан атмосфералық фронттар анықтайды. Бұл аймақтарда жауын-шашын (негізінен қар),боран, желдің күшеюі және көктайғақ сияқты қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
17–18 қаңтар күндері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлеуметтік көмек "сүзгіден" өтеді: Қандай төлемдер қысқармақ?
Келесі жаңалық
Қыста шетелге саяхаттау арзан болады – маман
Өзгелердің жаңалығы