Синоптиктер 9 өңірде ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК 14 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК 14 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-шығыс пен шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Барлық өңірде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.
Сондай-ақ күн райының қолайсыздығына байланысты 9 өңірде ескерту жарияланды.
Атап айтқанда, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысы мен орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 18 м/с екпінде жел тұрады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігін тұман басып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің күші өңірдің батысы мен солтүстігінде 18 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің батысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 25 м/с күшеюі ықтимал.
Тәулік бойы Павлодар облысының батысында, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.