Синоптиктер 30 маусымдағы ауа райын болжады

Қазақстанның басым бөлігінде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жел күшейеді.

Қазақстанның солтүстік-шығысында, шығысында бұршақ жауады, солтүстікте, түнде және таңертең шығыста тұман түседі, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Қостанай облыстарында өрт қаупі жоғары деп болжанып отыр.

Қазақстан мегаполистеріндегі ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші – секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +33+35°С.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы