Синоптиктер 26–28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері келесі үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Алматы мен Шымкентте ауа температурасы+16°С және +19°С дейін жылынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал Қазақстан астанасында жағдай мүлде басқаша – ауа температурасы -7°С дейін төмендейді.

Астана бойынша ауа райы болжамы

26 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең жел 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1–3°С, күндіз +4–6°С.

27 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, кей жерлерде қар, жергілікті боран, көктайғақ. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2°С.

28 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -5–7°С, күндіз -1–3°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

26–27 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы түнде +2–4°С, күндіз +14–16°С.

28 қараша: Қалыңдығы әркелкі бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Жел әлсіз болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +2–4°С, күндіз +11–13°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

26 қараша: Аздаған бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы түнде -1–+1°С, күндіз +16–18°С.

27–28 қараша: Аздаған бұлттылық, жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы түнде -1–+1°С, күндіз +17–19°С.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: unsplash.com
Өзгелердің жаңалығы