Синоптиктер 21 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты
Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Қазақстан территориясының басым бөлігі ошағы Архангел ауданында орналасқан циклонның әсерінде болады. Салдарынан елімізде қар жауады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі.
"Қазгидромет"РМК-дан хабарлағандай, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын көтеріледі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Павлодар облысына тұман түседі, жел жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, боран соғады.
Қостанай облысының кей жеріне тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ пен тұман күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның Еуроодақпен ынтымақтастығы кеңейіп келеді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы