Бүгiн 2026, 08:15 Фото: pixabay

Синоптиктер 13 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

олайсыз метеожағдайлар – бұл желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы сияқты факторлардың қосындысы. Осындай кезде ауада зиянды заттар жиналып, ластану деңгейі артады.

21 наурыз күні Қазақстанның 13 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, ҚМЖ келесі қалаларда байқалады: Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Алматы және Астана.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы сияқты факторлардың қосындысы. Осындай кезде ауада зиянды заттар жиналып, ластану деңгейі артады.

Қауіптілігі неде?

Мұндай жағдайда ауа сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін, әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы ауруы бар адамдарға кері әсер етеді.

Сақтану шаралары:

Таза ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе жол бойында;

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

Созылмалы ауруы бар адамдар дәрілерін өзімен бірге алып жүруі тиіс;

Ашық ауада ауыр дене жаттығуларын шектеу, спортпен жабық ғимаратта айналысу.