Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер ертең, 4 сәуірде елдің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысынның солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. қ.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы