Сингапурмен бірлесіп еркін сауда аймағын құру керек – Никол Пашинян

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сингапурмен бірлесіп, еркін сауда аймағын құруды ұсынды. 

«Ең маңыздысы, биылғы жылы Сингапур құжаттарға қол қоюуымыз керек. Шілде айында Сингапурға барамын. Сол кезде еркін сауда аймаған құру мақсатындағы жұмыстарды жылдамдатудың барлық мүмкіндікті қарастырып көремін», - дейді Никол Пашинян. 

Армения премьер-министрі Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы ретінде келесі отырыс 2019 жылдың 1 қазанында өтетін мәлімдеді. 

Айта кетейік, бүгін бес жыл толған аталған ұйымның мерейтойлық отырысына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр. Сондай-ақ, Молдова Республикасының президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстан Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Елордада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ұйымның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткені туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы