Сингапурде вакцина салғызбағандарға талап күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапур билігі вакцина салдырмаған тұрғындарға дәмхана мен сауда орындарына, туристік нысандар мен саябақтарға кіруге тыйым салды.
Бұл туралы Bloomberg мәлім етті.
Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп болды. Дәрігерлер елде коронавирустың жаңа толқыны басталды деп дабыл қақты. Бұдан былай жаңа санитарлық ережеге сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарында бір үстел басында екі адамнан артық отыруға болмайды.
Статистика бойынша Сингапур тұрғындарының 80 пайызы екпенің екі дозасын алған. Жергілікті билік жаңа науқастардың саны артқанымен елде карантин енгізілмейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, жуырда бұл елде тәулігіне 3590 адам коронавирус жұқтырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Eurovision-2022 қай қалада өтетіні белгілі болды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы