Сингапурде COVID-19-дың жаңа шатммы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың алғашқы жағдайын Сингапур билігі растады. Бұл туралы korrespondent.net CNN-ге сілтеме жасап хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа штамм жақында Лондоннан оралған сингапурлық студенттен табылған. Сонымен қатар, аталмыш ведомство «вирустың жаңа түрінің тікелей қоғамда таралуы туралы растау жоқ» деп баса айтты.
Департаменттің мәліметінше, 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығында коронавирус Еуропа елдерінен Сингапурге оралған 31 адамнан анықталған. Барлық науқастар арнайы карантиндік орталықтарда жатыр.
Сондай-ақ, соңғы бір айда Сингапурда жаңа штамды COVID-19-дың 10-нан көп емес жағдайы анықталғаны нақтыланды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері мұнда 58,4 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, оның 29 адам қайтыс болған.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың жаңа түрі тағы үш елде табылғаны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, коронавирустың жаңа штаммы балалар арасында жиі таралады.