Сингапурде алғаш рет жүргізушісі жоқ автобустар қала көшелеріне шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапурдың Сентоза аралында тұңғыш рет жүргізушісі жоқ автобустар қала көшелеріне шықты, деп хабарлады 24.kz.
Сәтін салып, жаңа көлік түрімен жергілікті тұрғындар мен туристер жүріп өтті. Алайда, әзірге бұл тек көліктерді тестілеуден өткізу үшін ғана ұйымдастырылған шара екен. Сондықтан, автобустарды сынау барысында оның ішінде қауіпсіздікке жауапты арнайы стюардтар мен жүргізуші де болған. Бірақ ол көлікті басқару тетіктеріне еш тиіспей, тек қажет кезде ғана тізгінді өз қолына алуға дайын отырған.«Мен үнемі жол қозғалысын бақылап, қауіп төнген жағдайда нақты шара қабылдауым қажет. Мәселен, кей жүргізушілер жол ережесін бұзып жатады. Сондықтан, біз әрдайым сақ болуымыз керек. Көбісі жүргізушісі жоқ автобустардың қалай жүретінін білмейді ғой. Бұған қоса, біз жолаушылар қауіпсіздігіне де жауаптымыз»,- дейді жүргізушісі жоқ автобус жүргізушісі Мухд Фаиз Бин Ахмад.
Әзірге мұндай автобустар Сентоза аралында тек бірнеше бағыт бойынша ғана қатынайтын болады. Бірақ, алдағы уақытта аталған көлік құралдарын басқа өңірлерде де сынақтан өткізу жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізгендер ұсталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы