23 Тамыз 2026, 06:14
Фото: СІМ
Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беріп жатыр
Жалпы, Құрылтай сайлауы 10 423 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында 79 учаске жұмыс істеп жатыр.
Шетелдегі сайлау учаскелерінде Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс беру жалғасуда. Кезекті болып Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы Қазақстан азаматтары дауыс беруге мүмкіндік алды.
Аталған елдердегі сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ашылды. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Малайзиядағы қазақстандықтар да дауыс бере бастаған.
Жалпы, Құрылтай сайлауы 10 423 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында 79 учаске жұмыс істеп жатыр.
Осылайша, шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына да өздерінің сайлау құқығын жүзеге асырып, елдің саяси өміріне қатысуға мүмкіндік берілді.