Симптомы жоқ науқастар симптомы барларға қарағанда қауіпті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Симптомы жоқ науқастар симптомы барларға қарағанда қауіпті. Бұл туралы жетекші инфекционист дәрігер Динагүл Баешева Денсаулық сақтау министрлігінің онлайн брифингінде мәлімдеді. 

Вирус туралы неше түрлі жаңалықтар мен өзгерістер енгізілді. Науқастардың денсаулығын дәрігерлер бақылап отырады. Ауруханаға түскен 5326 адам бар. Түскен науқастардың ауруы қандай дәрежеде өткенін қарасақ, науқастардың 39 пайызында симптом болмаған. Жеңіл түрде түскен аурулар саны 36,1 пайызға тең болған. Бұл екеуін қосқанда 75 пайыздан асып кетеді. Соның ішінде орташа дәрежеде ауырлық бойынша 20 пайыз, ауыр дәрежеде 2 пайызы тіркелді, - деді ол. 

Маманның айтуынша, симптом болмағандардың ішінде, уақыт өте келе симптомдары пайда болады. 

Симптомсыз кезде ешқандай аурудың белгілері байқалмайды. Олардың ішінде инкубациялық жағдайда жүргендер болуы мүмкін. Көп жағдайда 20-дан 59-ға дейін жастағы адамдарда симптомсыз болады. Симптомсыз науқастарға бақылау жүргіземіз. Стационарда болғанда науқастардың 10 пайызында дене қызуы көбейіп, мұрынның ешқандай иіс сезбеуі байқалды. 10 күнге дейін клиникалық симптомдар пайда болды, - деді инфекционист. 

Инфекционист айтқандай, симптомы жоқ және жеңіл түрдегі науқастар үйде емделетінін айтты.

Симптомдары бар адамдарға қарағанда симптомсыз науқастар эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Симптомы жоқ адам тасымалдаушы ретінде белсенді болады. Симптомдары бар адамдар дене қызбасы, сүйек сырқырау сынды клиникалық белгілері бар. Вирусы бар адамдар жөтел мен түшкіру арқылы жанындағы адамдарға жұқтыруы мүмкін. Вирустың сыртында майлы қабыршақ бар, сондықтан да ол вирус адамға жабысқақ болып келеді. Спирт пен сабын майды ерітіп, вирустың залалын жояды. Қолды жиі жуу керегін сол үшін айтамыз, - деді Динагүл Баешева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы