СІМ: Түркияда қаза тапқан отбасы мүшелерінің денесі елге жеткізілді
Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров Аланьяда қаза тапқан отбасы мүшелерінің денесі елге жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанға отбасы мүшелерінің денелері жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Екі көлік жүргізушісіне қатысты тексеріс жүреді. Жергілікті түркиялық компанияларымен келіссөздер жүргізіп, бағасы бойынша келістік. Біздің консул түркиялық құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста, - деді Смадияров.
Ол туристердің шетелде демалуындағы қауіпсіздігіне азаматтардың өздері жауапты екенін атап өтті.
Олардың жанында әрқашан мемлекет қолынан ұстап жүре алмайды, - деді ресми өкіл.
Еске сала кетсек, Түркияда қазақстандық отбасы мүшелері қаза тапқан еді. Жол апатынан анасы мен қызы, кейін ауруханада күйеуі де көз жұмды. Тек 9 жастағы ұлдары ғана тірі қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ливияда тасқыннан 2 мың адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы