Кеше 2026, 11:17
Фото: ҚР СІМ
СІМ: Таяу Шығыстан 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды
Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды. Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда, - делінген СІМ таратқан хабарламада.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
Еске салайық, бұған дейін СІМ 4700-ден астам қазақстандық елге оралғанын айтқан болатын.