СІМ Түркияда елу бес қазақстандықтың КВИ жұқтырғанын растаған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Анталияға ұшып келген 55 қазақстандық коронавирус инфекциясымен емханаға түсті деген ақпаратты теріске шығарды.
Әлеуметтік желілерде Анталияға ұшып келген 55 қазақстандық коронавирус инфекциясымен емханаға түсті деген ақпарат тарап кетіпті. Бұл мәліметті Түркияда тұратын бір кәсіпкер Динара Сәтжанның Instagram парақшасындағы жазбаның астына қалдырған. Желідегі қауым бұл сенсацияны іліп алып, талқылап кеткен екен. Журналист Михаил Козачков осы пікірдің скринін алып, өзінің телеграм-арнасында жариялаған. Онымен сөйлестім. Енді келіп, осы хабарламаға байланысты БАҚ тарапынан растаңыз немесе жоққа шығарыңыз деген кейіпте сұрақтар түсіп жатыр, - деп жазды Айбек Смадияров Facebook парақшасында.ҚР СІМ ресми өкілі әлгі пікірдің авторымен сөйлескенін жазады. Кәсіпкер өзінің бір ауыз пікірі осыншама дау туғызады деп ойламаса керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ-2020: Бүгін 54 түлек аудиториядан шығарылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы