СІМ: Солтүстік өңірлерімізге келер қауіп жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді халық арасында кеңінен таралып жүрген пікірге қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, бізге Ресейден келер қауіп жоқ.
Бұл мүмкін емес. Өйткені өздеріңіз білесіздер біздің екі мемлекеттің арасында тиісті құқықтық базамыз бар. Шекарамыз делимитациядан өткен. Қазір демаркация процесі өтіп жатыр. Демаркация дегеніміз шекарамызды шегендеп анықтау, белгілеу. Бұл процес 2-3 жыл ішінде аяқталады, - деді Сыртқы істер министрі Үкімет отырысынан кейін кулуарда.
Сонымен қатар министр Елбасының Анталияға не себепті барғанын айтты.
Анталияда дипломатиялық форум өтеді. Ол 13 рет өткізіліп жатыр.Тек қана саяси жағдайға байланысты емес жалпы бірнеше тақырыптарды қамтиды, -деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат қауіпті қалдықтарға қатысты заңды қабылдады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы