СІМ: Шетелдік инвесторлар мен компаниялар қорғалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде шетелдік инвестициялардың субъектілері мен шетелдік компанияларды қорғауға бағытталған бірқатар шара қолға алынды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздің аумағында еңгізілген төтенше жағадайында және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тампсырмасына сәйкес, мемлекет тарапынан шетелдік инвестициялардың субъектілері мен шетелдік компаниялардың қорғауға бағытталған бірқатар қажетті шаралары өткізіліп жатқаны туралы хабарлаймыз. Сонымен қатар мемлекет инвесторлардың алдында жүктелген міндеттемелер сақталатыны туралы және еліміздегі жағдай тұрақталып, Қазақстандағы бизнес-ортаны бұдан әрі жақсарту бойынша жұмыс жалғасатынын ескереміз, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ CІМ Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ үздіксіз мониторинг жасап, инвесторларда туындаған мәселелерін шешуге ықпал ету бойынша қызмет көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Өз кезегіне, егер сіз инвестицилық жобаларды іске асыру барысында қиыншылықтарға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істеп тұрған +7 7172 620 620 колл-орталыққа немесе «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық өкілдеріне жарияланған нөмерлері бойынша хабарласа аласыз: