СІМ шетелде құлдыққа түскен қазақстандықтар туралы пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі шетелде құлдыққа түскен қазақстандықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

СІМ баспасөз хатшының айтуынша, Оңтүстік-Шығыс Азияда біздің екі азаматымыз еңбек құлдығына тап болған. 

Олар былтыр желтоқсанның соңында Таиландтағы елшілік арқылы байланысқа шықты. Жоғалған азаматтардың ата-анасы бізге хабарласып көмек сұрады. Бұл алғаш жағдай емес. Бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыз осындай жағдайға тап болған еді. Біз оның елден шығуына көмектестік, - деді  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Смадияров шетелде жоғалған азаматтарды іздеу жұмысына мемлекеттік органдар мен қатар үкіметтік емес ұйымдар да тартылатынын атап өтті.

Екі азамат бойынша мәселе Таиландтағы елшіліктің бақылауында. Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда қазір жоғалған екі азаматтан хабар жоқ, мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Осы орайда шетелге табыс іздеп баратын азаматтарды барынша абай болуға шақырамыз. Жұмысқа бармас бұрын келісімшартпен мұқият танысқан абзал. Бұл - азаматтардың жеке жауапкершілігі, - дейді СІМ-нің ресми өкілі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы