СІМ Ресей әскеріне шақырту алған қазақстандық туралы айтты

Ресей Федерациясында тұруға рұқсаты бар қазақстандықтар  ол елдің әскер қатарына шақырылайды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтың көршілес елдің әскер қатарына шақырту алғаны туралы ақпарат тараған еді. СІМ мәлімдеуінше, ондай азаматтар әскери қызметке бара алмайды. Оның үстіне ел заңы бойынша құқығы да жоқ.

Мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.

Қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Аталған тұлғада Қазақстанның азаматы екенін растайтын құжаты бар. Мәліметтер базасында қандай да қателіктер кетуі мүмкін. Қазіргі таңда оны екі елдің базасы арқылы тексеріп жатырмыз, - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. 

Оның айтуынша, ақпараттық базаларда мұндай сәйкессіздіктер болып тұрады. 

Егер, айталық адам Ресей аумағында болса, тұрақты тұруға рұқсат алса, онда бұл – азаматтық емес. Ол әскери комиссариатқа құжаттарын көрсете алады немесе Қазақстан Елшілігіне жүгінуі керек. Заңды тұрғыда Қазақстан азаматы екенін дәлелдеуі қажет, - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы