СІМ: Қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру процесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Айбек Смадияров қазір қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұрғанын айтты.

Қазіргі уақытта 528 эвакуациялау туралы 528 өтініш келді. Украинадан Польша арқылы 26 ақпан немесе 27 ақпанда алғашқы репатриациялық рейс жоспарлануда. Алдағы уақытта тағы да рейстер ұйымдастырылады. Қазір отандастарымыз 7 сағат бойы шекара кезегінде тұр. Себебі елден шыққысы келетіндер көп. Ел халқын сабырға шақырамыз. Біз қолдан келгеннің бәрін қарастырып жатырмыз, - деді ол баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, шекарада тұрған алғашқы автобуста 49 адам, екінші автобуста 46 адам және тағы бір автобуста 79 адам бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы