СІМ: Қазақстандық студенттер шетелде несие алып, төлемей кетеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Сондай-ақ ол еліміздің азаматтарымызға Шенген визасын беру кезінде қосымша консультация енгізілуіне қатысты пікірін ортаға салды. 

Азаматтарымыз шетелде осындай жағдайға (қосымша консультация – ред.) өздері себеп болып отыр. Кейбір азаматтар Шенген елдеріне барған соң автокөлікті жалға алып, кейін айыппұлды төлемей, ол мемлекеттен кетіп қалады. Әрине, мұның бәрі жинала береді. Басқа да құқық бұзушылықтар орын алуы мүмкін. Өзге елге барған кезде оның ережесі мен заңдарын сақтау қажет. Студенттер несие алып, оны төлеместен кетіп қалады, - деп атап өтті ресми өкіл ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға Шенген визасын алу тетігіне өзгерістер енгізілетіні айтылған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы