СІМ: Қазақстан тәліптермен ерекше қарым-қатынасын жалғастырады
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, бірнеше ай бұрын Қазақстан "Талибанды" террористік ұйымдар тізімнен алып тастады. Алдағы уақытта олармен тығыз қарым-қатынас жалғасады. Әрі Ауғанстанға іссапарлар жоспарланған, - деді Смадияров брифингте.
Бүгін Тоқаев "Талибан" режимін "Ауғанстандағы ұзақ мерзімді фактор" деп атады. Ол жақпен сауда экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды деп, ОДКБ мүше елдерге Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсене тартуды ұсынған болатын.
Айта кетейік, тәліптер Батыс елдерінің көбінде террорлық ұйым деп танылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда электр энергиясының тарифі төмендейді
Өзгелердің жаңалығы