СІМ: Қазақстан - Қытай арасындағы визасыз режим жылдың аяғына дейін күшіне енуі мүмкін

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне әлі енбегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол визасыз режим туралы келісімге 2023 жылдың 17 мамырында Сиань қаласында қол қойылғанын атап өтті.

Келісімнің 11-ші бабына сәйкес тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаны өзара алған күннен бастап 30 күннен соң күшіне енеді, - деді Смадияров.

Сөзінше, Қазақстан тарапы Қытайдан мемлекетішілік процедуралардың аяқталғанын білдіретін хабарлама күтіп отыр.

Екіжақты визасыз режимнің күшіне енгені жөнінде ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланады, – дейді Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы