СІМ орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ғылым, технологиялар, зерттеулер және инновациялар комитетінің төрағасы Акарават Асвахем бастаған Таиландтың өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті. 

Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, екі елдің халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ мен АӨСШК шеңберіндегі өзара іс-қимылын, сондай-ақ дінаралық диалог мәселелерін талқылады. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарға серпін беру үшін екі ел арасындағы түрлі деңгейдегі байланыстарды одан әрі қолдауға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы