СІМ орынбасары Ақан Рахметуллин Корея Республикасы Үкіметінің арнайы елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Корея Республикасы Үкіметінің арнайы Халықаралық көрмелер бюросымен ынтымақтастық орнату туралы Елшісі Квон Ёнг Умен кездесті. Бұл туралы ҚР СІМ ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Арнайы Елші қазақстандық тарапты ЭКСПО-2030 дүниежүзілік көрмесін өткізу орны ретінде Бусан қаласын ұсыну туралы хабардар етті, сондай-ақ аталған іс-шараны осы қалада өткізудің артықшылықтары туралы айтты.

Қорытындылай келе, тараптар екі елдің жемісті ынтымақтастығын жалғастыру ниетін растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы