СІМ Нидерландыға ұшатын қазақстандықтар үшін маңызды ақпарат таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландының Қазақстандағы елшілігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 23 қаңтардан бастап COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі кезде аталмыш елге кірудің бақылау шаралары күшейтілді.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осымен сол елге келгендердің барлығы Нидерландыға кірерден 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы, сондай-ақ COVID-19 экспресс-тестінің теріс нәтижесін («антиген экспресс-тест» деп аталатын) көрсетуі керек. Бұл талаптар транзиттік жолаушыларға да қатысты. COVID-19 экспресс тестін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда орналасқан зертханаларда тапсыруға болады. Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін тиісті әуежайдың ақпараттық қызметіне хабарласу қажет, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы