СІМ Мұрат Нұртілеудің ұсталғанын жоққа шығарды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз, - деді Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін желіде СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу мен Гаджи Гаджиев ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Содан кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы