СІМ Майк Помпеомен келіссөзден кейін баяндама жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына тоқталды.
Бүгін өзімнің әріптесім АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны Қазақстанға алғашқы сапары аясында қарсы алуға қуаныштымын. Бұл – біздің өткен қыркүйектен бастап үшінші кездесуіміз. 2019 жылы біз Нью-Йоркте және Вашингтонда кездескен болатынбыз. Қазақстан мен АҚШ өздерінің бейбіт даму мен өркендеуге бағытталған сенімді әрі болжамды қарым-қатынасқа негізделген кеңейтілген стратегиялық әріптестігін дәйекті түрде дамытуда. Біздің экономикамызда қазіргі ең ірі инвестор болып табылатын АҚШ-қа тәуелсіздігіміз бен егемендігімізге жүйелі түрде қолдау көрсетіп жатқанына зор ілтипатымызды білдіреміз. Қазіргі таңда біздің ынтымақтастығымыз – 21 ғасырдағы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәртебесіне ие. Бұл деңгейде біздің қос басшыларымыз 2018 жылғы Вашингтон қаласында тұңғыш президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілді, - деді сыртқы саясат ведомство басшысы.
Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысымен өткен келіссөздер қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың сапалы дамытуға еліміздің ынтасыны зор екенін растады.
Нұр-Сұлтан мен Вашингтон саяси қатынастар, сауда-экономикалық және инвестициялық, өзара ынтымақтастық, қауіпсіздік және халықаралық терроризмге қарсы күрес, қару таратпау мен қарусыздандыру, адам құқықтары мен діни бостандық және басқа да салаларға өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша әртүрлі деңгейде бірнеше алаң форматында сапалы диалог жүргізуде. Біздің мемлекеттеріміздің қауіпсіздік саласындағы тиімді әріптестіктің жарқын мысалдарының бірі – ұзақмерзімді қайта қалпына келтіру мен ірі интеграция үрдісінің бірінші кезеңі болған «Жусан» операциясы. Біздің елдеріміздің ресми тұлғаларының маңызды байланыстары, іскер топтары серпін берді және сауда мен инвестициялық қатынастардың айтарлықтай қамтамасыз етті. Біздің Майк Помпоемен келіссөздеріміз қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың сапалы дамытуға ынтамызды тағы да растады, - деді СІМ басшысы.
Кеше Нұр-Сұлтанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ресми сапармен келді.