"SIM-картаңыз жарамайды" – Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Павлодар облысының полициясы тұрғындарды SIM-карталардың жарамдылық мерзімінің жақын арада аяқталатынын мәлімдейтін алаяқтар пайда болғаны туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция департаменті аймақ тұрғындарын “SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі жақын арада аяқталады” деп хабарласатын ұялы байланыс операторларынан қоңыраулар түскен кезде ерекше сергек және сақ болуды ескертеді. Жақында мұндай қоңыраулар арқылы алаяқтық жағдайларының көбеюі байқалды, бұл азаматтардың назарын және хабардар болуын талап етеді. 

Жақында полицияға тұрғыннан ұялы байланыс операторының болжамды қызметкері атынан қоңырау шалынғандығы туралы хабарлаған өтініш түсті. Қаскөй азаматқа SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы хабардар еткен және ол үшін белгілі бір смс-кодты көрсете отырып, мерзімді ұзартуды ұсынған. Қоңырау шалушыға сеніп, азамат кодты енгізген. Аалаяқтар осы код арқылы оның жеке деректеріне қол жеткізген және оның атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат. 

Сондықтан азаматтардың сақтық танытуы және мұндай қоңырауларға сенбеуі өте маңызды. Әсіресе олар белгісіз нөмірлерден келсе ерекше сақ болу қажет. Егер сіз дереккөздің түпнұсқалығына сенімді болмасаңыз, ешқашан жеке деректерді бермеуіңіз немесе телефон арқылы алынған кодтарды енгізбеуіңіз керек. Күдік туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласып, тергеу жүргізу үшін барлық қолжетімді мәліметтерді ұсынған жөн.

Өзіңізді осындай алаяқтықтардан сенімді қорғау үшін SIM-картаның статусы немесе кез келген басқа да маңызды мәселелер туралы ақпаратты нақтылау үшін ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне тікелей хабарласқан жөн, – деп атап өтті спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы