СІМ Грузияда қаза тапқан қазақстандық бойжеткен жайлы мәлімет таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткенге қатысты ресми мәлімет таратты.


Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезелерінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9-қабаттан құлап мерт болған, - деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігі. 

Грузия полициясы өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы