СІМ-ге Қазақстанның «Қазақия» кезіндегі картасы табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Қазақстанның ежелгі картасын Дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге тапсырды.
Сыртқы істер министрі мен барлық дипломатқа Қазақстанның ең алғашқы картасы, 1562 жылғы картасын табыстауға рұқсат етіңіздер. Бұл картада Қазақстан "Қазақия" деп көрсетілген. Бұл карта Лондонда жарияланды. Картада сіздің әріптесіңіз Энтони Дженкинсон Қазақстанға сапары аясында жасалған,- деді профессор.
Картада Қазақстанның 600 жылдық тарихы ғана емес, сан-ғасырлық Еуропа мен Қазақстанның қарым-қатынасын, елдің көпвекторлы дипломатиясын көрсетеді.
Айта кетейік, 1992 жылдың 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Сыртқы істер министрлігі туралы» Жарғы бекітілді.
Орыстар Қазан хандығын 1552 жылы және Астархан қаласын 1556 жаулап алған соң, Шығысқа қарай жалғасты жаулау жорығын жүргізе алмады, бір мезет тоқтап қалды. Өйткені олардың қарсы алдында құдіретті Ноғай Ордасы Еділ-Жайық арасында көсіліп жатты, оларды аттап өту мүмкін болмады.