СІМ-де Қазақстан-Молдова ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев жанадан тағайындалған Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы елшісі Лилиан Дарийді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ермұхамбет Қоныспаев елшіні қызметіне кірісуімен құттықтап, оған Қазақстан мен Молдова арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту бойынша жемісті жұмыс тіледі. Осыған байланысты қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі көзқарасын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық-молдовалық өзара іс-қимылдың, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы