СІМ-де Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Вилли Кемпелмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Дипломаттар Қазақстан мен Аустрия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
Сұхбаттастар іскер байланыстар мен инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейту тұрғысынан екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның маңызды рөлін аталып өтті.
Р.Василенко Қазақстан тарапының екіжақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық негізін кеңейтуге мүдделілігін растады.
Сонымен қатар, Қазақстан дипломаты ел азаматтары үшін Еуропа Одағының визалық режимін жеңілдету мәселесін көтерді. Р.Василенко бұл бағытта нақты шаралар қабылдау ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша өзара тиімді байланыстарды қарқындатуға қолайлы жағдай жасауға септігін тигізетінін атап өтті.