СІМ: Биологиялық зертханалардың қызметіне қатысты ақпарат - жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ биологиялық қауіпсіздік жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Шетелдік және отандық БАҚ-тарда Қазақстандағы биологиялық бағыттағы зертханалардың қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуы жиілеп кетуіне байланысты қалың жұртшылықтың назарына келесіні жеткізу қажет деп санаймыз. 
Қазақстан Республикасы қарусызданудың жаһандық процесінің және жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың белсенді жақтаушысы, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ), Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (ХҚТСК), Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (БУҚК), соғыста тұншықтырғыш, улы немесе басқа газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы 1925 жылғы Женева хаттамасының және басқа да негізгі халықаралық құралдардың жауапты қатысушысы болып табылады, - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы