СІМ басшысы ШЫҰ СІМК шеңберінде екіжақты келіссөздер өткізді
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен келіссөз жүргізді, деп хабарлады BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысының аясында өтті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Былтыр екі жақты сауда айналымы 2,5 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Нұртілеу сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мен әртараптандыру, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты іс жүзінде кеңейтү үшін тығыз байланыстарды қолдап тұруға келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады
Келесі жаңалық
Астанада екі бала лифт ішінде қалып қойған
Өзгелердің жаңалығы