СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.
Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық вакцинаның ресейліктен айырмашылығы неде?
Өзгелердің жаңалығы