СІМ: Ауғанстанда 10 дипломатымыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі өз жұмысын жалғастыруда.
Дәл қазіргі уақытта 10 дипломат ауған елінде жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін Алматы әуежайына Ауғанстаннан 25 қазақстандық азаматымыз жеткізілді. Оның 15-і - ересек адамдар, 10-ы балалар, - деді СІМ ресми өкілі.
Сондай-ақ ауған елінде қалған немесе этникалық қазақ болып табылатын азаматтар көмек қажет болған жағдайда сол елдегі Қазақстан елшілігіне жүгінуге болады. Бүгінде этникалық қазақтарды анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, олар белсенді жұмыс атқаруда.
Еске сала кетейік, бұған дейін арнайы комиссияның тексерісі барысында ауған қазақтарының қазақ тілін білуі ескерілетіндігі жөнінде жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы