СІМ Ауғанстан мәселесін талқылауға кімді жіберетінін айтты

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Ауғанстан бойынша Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің арнайы өкілдерінің кездесуі өтеді. 

Биыл 19-20 қаңтарда Брюссельде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бастаған қазақстандық делегациясы Ауғанстан бойынша Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің арнайы өкілдерінің кездесуіне қатысады. Тараптар Ауғанстандағы ахуал және оның Орталық Азия өңіріне әсері бойынша ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. 

Сонымен қатар қазақстандық делегация Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі дүниежүзілік форумға қатысады. 

18-20 қаңтар аралығында XV Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумы мен «Жасыл апта – 2023» халықаралық көрмесіне қатысу үшін Министр Ербол Қарашөкеев бастаған Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының Берлинге сапары жоспарланып отыр.  Халықаралық «Жасыл апта» – ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және бау-бақша саласындағы ең ірі халықаралық көрме-жәрмеңке. Ол 1926 жылдан бері Берлинде жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шара аясында қазақстандық тарап халықаралық азық-түлік индустриясының озық технологиялық әзірлемелерімен және өнімдерімен танысады, - деді Айбек Смадияров. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы