СІМ: Астана процесінің басты жемісі — Сирияның араб мемлекеттері лигасына оралуы

Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тумыш елордада өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Сирия төңірегіндегі ахуал түбегейлі өзгеруде. Оның бір дәлелі араб мемлекеттерінің Дамаскпен дипломатиялық байланыстарын жандандыруға ұмтылысы, ал нақты көрінісі Сирия Араб мемлекеттері лигасына оралуы болып отыр. Сонымен қатар осы 20-шы халықаралық кездесу аясында Түркия Сирия-Түркия қатынастарын қалыпқа келтіру бойынша жол картасы жобасын дайындау барысын талқылау мақсатында Иран, Ресей және Түркия сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары нәтижелі өтті, - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол 20-шы кезекті отырысты нәтижелі деп атады.

Осыған байланысты Сирия аймақтағы оқшаулануынан біртіндеп Астана процесінің өз міндетін аса абыроймен атқарып, тәмамдағанының белгісі ретінде тұжырымдауға әбден болады. Осы ретте аталған қол жеткізілген жетістіктерді, оның ішінде, Сирия араб отбасына қайта оралуын назарға ала отырып, Сирия бойынша бүгінгі 20-шы кезекті отырысты Астана процесі шеңберіндегі соңғы шара деп ресми жариялаймыз. Бұл шешімді бірлескен мәлімдемеге енгізуді сұраймыз, - деді Қанат Тумыш.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы