СІМ АҚШ-тағы отандасымызға жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы қазақстандық азаматқа жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Белгілі болғандай, АҚШ-тың Майами қаласында жергілікті қарақшылық топ Қазақстан азаматына қарсы тапанша қолданып, оның сөмкесін тартып алған. Сөмкеде құжаты мен ақшасы болған. Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Біздің консул Қазақстан азаматын тауып, онымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланысқа шықты. Төбелес барысында кішігірім жарақат алғанына қарамастан қазақстандық ем қабылдаудан бас тартты. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Ол – аман-есен, - деп атап өтті Айбек Смадияров.

Отандасымыз АҚШ-та заңды түрде жүр. Қазақстандық АҚШ-қа екі айлық оқуға барған. Ол Латвияда аэронавигация институтынан практикаға барған екен. Мамандығы – авиадиспетчер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы